Қазіргі Қазақстанның Шымкент облысына қарасты Түркістан қаласынан автобус жолы 25 шақырым солтүстігінде Кентау қаласынан 14 километр батысында әйгелі Қаратаудың етегінде соңғы жылдарда Атабай деп аталған Қарнақ ауылы жатады. Тарихи деректерге қарағанда қазіргі Түркістан қаласының маңында көптеген ауылдар, үлкен мәнге ие болған қалалар да бар. Отырар, Қырық қақпалы Қарашық, Яссы, Сығанақ, Сауран, Созақ тағы басқалар қатарында Қарнақта тарих кітаптарынан оқылып тұрады, бірақ кез келген тарих кітабында Қарнаққа тиісті деректер аз болды. Бұл деректер ең әуелі ауылымыздағы түрлі мәдени ескерткіш- терден алынды. Мұндай ескерткіштерге Қарнақ өте бай: жұрт орнында қалған төбелер, мазарлар үстіне қойылған тастар, үй аспаптары, әшекей заттар, мың жылдық ағаштар тағы басқалар бар.
|