“Қарнақ” атауы туралы.
Халық аузында “Қарнақ” атауының келіп шығуы туралы әр түрлі аңыздар, деректер бар:
Біріншісі М.Қашғаридың “Диуани лұ –ғатит түрк” кітабында «Қарнақ- оғұздар қаласынан бірі еді» – деп аталады.
Екіншісі татарша, арабша бір сөздікте “Қарунлық” төңірегі биік, ортасы терең ойпат болған жер –деп айтылған. Өйткені кейбір тілші ғалымдардың айтыуынша Түркістан қаласы маңындағы бір қатар ауыл аттары жасанды аттар деп аталған. Мысалы: Сұзақ, Қарнақ, Тасанақ, Шобанақ, Сунақ, Шорнақ атауы ауылдар орналасқан жер- лердің географик жайына қарай берілген болуы да мүмкін. Шын мәнінде осы фактімен қаралса “Қарнақ” ауылы жоғарыда айтқанымыздай төңірегі созылып кеткен байтақ дала ортасында қарында жатқан сияқты орналасқан.
(“Диуани лұғатит түрк” М Қашғари)
|